Ыстық су денсаулыққа зиян ба?..

23 Мамыр 2021, 19:35
3331
Бөлісу:
Ыстық су денсаулыққа зиян ба?..

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үнемі ыстық душ қабылдау денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы РИА-Новости сайты Express Британдық дәрігерлердің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып жазады.

Мамандардың пікірінше, ыстық су теріге зиян болуы мүмкін. Атап айтқанда, эпидермисте орналасқан кератин жасушалары зақымдалады.

Сонымен қатар ыстық су теріні құрғатып жібереді және дерматологиялық ауруларды, соның ішінде экземаны қоздыруы мүмкін. 

Сарапшылар он минут көлемінде аса салқын емес суға жуынуға кеңес айтады. Сондай-ақ теріні қатты ысқылап жумаңыз.

Су процедураларынан кейін теріге ылғалдандыратын крем жағу керек.

Өзгелердің жаңалығы