Ыстықтың беті қайтады – синоптиктер

8 Тамыз 2019, 01:51
1918
Бөлісу:
Ыстықтың беті қайтады – синоптиктер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.   

«Көптен күткен ыстықтың басылуы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарында найзағаймен өткінші жаңбыр күтіледі. Бұл Жаңа Жер аймағынан жоғарғы циклон жырасымен және атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Бұлар шығыс бағытында ығыса отырып, Қазақстанның басым облыстарында жаңбыр тудырады, шығыс аймақтарында кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің дауылды күшеюі, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі»,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы