Ыстанбұлда Хакім Абай Құнанбайұлы күні аталып өтті

Бөлісу:
Ыстанбұлда Хакім Абай Құнанбайұлы күні аталып өтті

Абай Құнанбайұлының 179 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.

Зейтінбұрны ауданындағы аттас алаңда кездесуге қатысушылар Абай Құнанбайұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, атқарылған жұмыстар мен жақын арада жоспарланған іс-шараларды талқылады.

Аталған басқосуда осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар мен алға қойылған жоспарлар, сондай-ақ, Абай Құнанбайұлының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесінің зор екендігі, оның қазіргі қоғам үшін жоғары маңыздылығы талқыланды.

Іс-шара соңында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына ерекше тоқталып, ұлы ойшылдың мұрасының өзектілігін және қазақ халқының ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы ақынның жоғары рөлін атап өтті.

Диаспора өкілдері ұйымдастырылған салтанатты іс-шараның Абай Құнанбайұлы мұрасын дәріптеуге, қазақ халқының мәдени дәстүрлерін сақтауға және дамытуға үлес қосатын маңызды бастама болғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы