Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ыстамбұлдағы келіссөз: Путин көмекшісін жіберетін болды

15 Мамыр 2025, 11:16
557
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Кремль Украинамен келіссөздерге қатысатын Ресей делегациясын Ресей президентінің көмекшісі әрі Жазушылар одағының төрағасы Владимир Мединский басқаратынын хабарлады. Келіссөздер 15 мамырда Ыстамбұлда өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша Кремль Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ыстамбұлда Владимир Путинмен жеке кездесу өткізу туралы ұсынысын іс жүзінде қабылдамады.

Ресей президентінің әкімшілігі Путин бекіткен Украинамен келіссөздерге қатысатын делегация құрамын жариялады. Кремль сайтында олар былайша көрсетілген:

• Мединский В.Р. – Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі (делегация басшысы);
• Галузин М.Ю. – Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары (делегация мүшесі);
• Костюков И.О. – Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Бас басқарма бастығы (делегация мүшесі);
• Фомин А.В. – Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары (делегация мүшесі).

Сондай-ақ Ресей делегациясының құрамына Қорғаныс министрлігі, президент әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігінің түрлі департаменттерінің төрт "сарапшысы" енгізілген.

Бұрынғы мәдениет министрі Мединский – Путин режимінің басты идеологтарының бірі ретінде де танымал.

Бұған дейін 15 мамырда Түркияда Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер өтуі мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы