Ыстамбұлда жас қазақ жазушысының кітабы таныстырылды

29 Қараша 2023, 22:10
493
Бөлісу:
Ыстамбұлда жас қазақ жазушысының кітабы таныстырылды
Фото: gov.kz

Түркиядағы қазақ диаспорасының айтарлықтай көпшілігі шоғырланған Зейтінбұрны ауданындағы Абай атындағы орта мектепте он үш жасар қазақ жазушы Дінмұхамед Нұрғалиұлының «Тақияли құс» кітабының түрік тіліндегі аудармасының тұсау-кесері өткізілді.

Бұл туралы BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кітаптың мазмұны әлемдегі, Орталық Азиядағы және Арал теңізі аймағындағы климаттың өзгеруін ертегі түріндегі көркем әңгіме арқылы, оның ішінде Қазақстан географиясының тұсаукесерін қамтиды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, мектеп директоры Энес Дағлы және баспа директоры Шереф Йылмаз сөз сөйледі. Мектеп директоры мұндай шаралардың екі ел арасындағы бауырластық пен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға, мәдениет пен әдебиеттің өркендеуінде алатын орны ерекше екенін атап өтті.

Іс-шара соңында Бас консул Н.Аманқұл Дінмұхаммедке шығармашылық табыс тілей отыра, алдағы уақытта Абай мектебімен бірге қазақ әдебиетін насихаттау мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарланғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы