Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу жемқорлық пен терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19 наурызда Стамбұл полициясы қала әкімі Экрем Имамоғлуды және бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктерді жемқорлық пен терроризмге байланысы бар деген күдікпен ұстады.
Полиция таңертең Имамоғлудың үйіне тінту жүргізіп, оны қамауға алды. Ол өз жақтастарына күресті жалғастыратынын мәлімдеді.
Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунч сот шешімінің барлығына бірдей екенін және ешкімнің заң алдында артықшылығы жоқ екенін айтты. Имамоғлу төрт күн қамауда болуы мүмкін.
Оппозиция өкілдері бұл жағдайды "мемлекеттік төңкеріс әрекеті" деп бағалады. Сондай-ақ, жақында Имамоғлудың университеттік дипломы жарамсыз деп танылған болатын. Бұл оның 2028 жылғы президенттік сайлауға түсуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Қаланың қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Имамоглудың ұсталуынан кейін Ыстамбұл губернаторының кеңсесі қала бойынша төрт күндік наразылық пен митингілерге тыйым салды.
Метро қозғалысы Таксим алаңы мен Фатих ауданындағы Ватан даңғылына дейін уақытша тоқтатылды. Ватан даңғылына барлық кіреберістер жабылып, өтуге тек қатаң құжаттық тексерістен кейін ғана рұқсат берілуде.
Ыстамбұл полициясы жоғары дайындық деңгейіне көшті, барлық жоспарланған шаралар тоқтатылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары қалада интернетке қолжетімділіктің шектелгенін хабарлады.