Қысқы маусымда Мырзашоқыда күніне 1000-ға жуық адам демалады деп жоспарлануда

26 Қараша 2019, 23:53
1762
Бөлісу:
Қысқы маусымда Мырзашоқыда күніне 1000-ға жуық адам демалады деп жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауыл ауданындағы қысқы демалыс орны туристерді қабылдауға дайын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов мәлім етті.
Өткен жылы Мырзашоқыдағы жұмыс толық аяқталмаған болатын. Сонда да демалыс орны жұмыс жасады. Соның өзінде 300-ге жуық адам демалған күндер болды. Биыл демалушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін атқарылған жұмыстарды ескерсек, күніне 1000-ға жуық адам демалады деп ойлаймын, - деді Оразгелді Қайыргелдинов.
Спикердің айтуынша, "Мырзашоқы" тау-шаңғы кешенінде биыл тамақтану орындары жұмыс жасайды. Демалыс орнында шаңғылар, тіпті, аранайы киімдер алуға да болады.
Мырзашоқыда шаңғы тебуді үйрететін мамандар да болады. Оған қоса, биыл аяғына шаңғы байлап алғандарды жоғарыға жеткізетін арнайы ілмекті қанат жасалды. Демалушылар шаңғыны көтеріп, жаяу көтерілмей-ақ арқанның көмегімен шығып, төмен қарай сырғанауларына мүмкіндік туды, - деді аудан әкімі.
Сонымен қатар Оразгелді Қайыргелдинов тау шаңғы кешеніне келуге ресейліктердің де қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
Мырзашоқыда шаңғымен сырғанау үшін 1 шақырым 100 метр биіктікке дейін көтерілуге болады. Әрине, ең жоғарғы нүктелер - кәсібилерге арналған биіктік. Одан спортшылар ғана түсе алады. Омбы, Новосібірден спортшылар қызығып отыр. Былтыр көрші мемлекеттің өкілдері бірнеше рет келіп көріп кетті. Оларда тау жоқ, дайындалуға алысқа барады екен. Біздің Мырзашоқыны сұрастырып отыр. Қар түссе, жұмыстар басталады, - деді аудан әкімі.
Айта кетейік, "Мырзашоқы" тау-шаңғы кешеніне аудандағы қыс мезгілінде жұмыс істейтін 5 демалыс үйінен демалушыларды жеткізу үшін арнайы автокөліктер жүреді.



Өзгелердің жаңалығы