YouTube ЖИ-видеоларды автоматты түрде әшкерелей бастайды

Енді YouTube жасанды интеллектпен жасалған роликтерді өзі анықтап, арнайы белгі қояды. Жаңа жүйе кімдерге қиындық тудыруы мүмкін?

Бүгiн 2026, 16:40
АВТОР
 pexels.com Бүгiн 2026, 16:40
Бүгiн 2026, 16:40
125
Фото: pexels.com

YouTube жасанды интеллект көмегімен жасалған контентті таңбалауға қатысты жаңа ережелер енгізетінін мәлімдеді. Енді платформа ЖИ арқылы жасалған видеолар туралы ескертулерді барынша көзге көрінетін етеді.

Бұл туралы видеохостингтің ресми блогында жарияланды.

Бұған дейін роликте жасанды интеллект қолданылғаны жөніндегі ақпарат көбіне видео сипаттамасында ғана көрсетілетін. Енді мұндай белгі видеоныӊ атауының жанында тікелей көрсетіледі. Жаңа өзгерістер кәдімгі көлденең форматтағы видеолармен қатар Shorts роликтеріне де қатысты болады.

Сонымен қатар YouTube ЖИ-контентті автоматты түрде анықтайтын арнайы жүйені іске қоспақ. Бұрын мұндай тексерулер негізінен қолданушылардың шағымынан кейін немесе қолмен жүргізілетін. Енді платформаның алгоритмдері жасанды интеллект арқылы жасалған бейнелер мен басқа да элементтері бар контентті өздігінен анықтай алады.

Компания өкілдері жаңа жүйенің қателік жіберуі мүмкін екенін де мойындап отыр. Осыған байланысты контент авторларына қате қойылған белгілерге қарсы шағымданып, апелляция беру мүмкіндігі қарастырылады.

Наверх