Йеменде табиғат апатынан 9 тұрғын мерт болды

26 Шілде 2022, 14:25
1222
Бөлісу:
Йеменде табиғат апатынан 9 тұрғын мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Йемендегі жауын-шашын маусымы тасқынға ұласты. Табиғат апатынан екі елді мекеннің 9 тұрғыны мерт болды. 

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Марқұмдардың үшеуі бала. Тағы біреуі жарақат алып, ауыр халде ауруханада жатыр. Тасқыннан баспаналар опырылып түскен. Ақпарат көздерінің хабарлауынша қаза болған 6 ересектің көлігін жолда су шайып кетті. Қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.

Жауын-шашынның осынша көп жауғанын бірінші рет көріп тұрмын. Толассыз нөсер таңға дейін жауды. Тасқыннан бір үй опырылып түсті. Үйінділер астында бір отбасы мүшелері қалды. Арасында балалар да бар, – деді жергілікті тұрғын Мошир Хасбави.

Өзгелердің жаңалығы