Йеменде қақтығыстан 23 адам қаза тапты

Йеменде үкімет әскері мен оппозициялық "Хути" бүлікшілерінің арасындағы қақтығыстан 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

 24.kz 28 Тамыз 2023 2023, 19:51
28 Тамыз 2023 2023, 19:51
1122
Фото: 24.kz

Йеменде үкімет әскері мен оппозициялық "Хути" бүлікшілерінің арасындағы қақтығыстан 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Жанжал елдің оңтүстігіндегі Лахдж провинциясында болған. Құрбандардың 15-і "Хути" жасағы да, қалғаны билік әскерінің сарбаздары. 10 адам жараланған.

Айта кетейік, Йеменде 10 жылдан бері азаматтық соғыс болып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйытқы болуымен бірнеше рет келіссөздер өткен, бірақ барлығы дерлік сәтсіз аяқталды.

Рамазан айындағы ораза кезінде ғана оқ атпау келісімі жасалды.
 

Наверх