Йеменде БҰҰ-ның бес гуманитарлық қызметкері ұрланды

13 Ақпан 2022, 10:25
1989
Бөлісу:
Йеменде БҰҰ-ның бес гуманитарлық қызметкері ұрланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Йеменнің оңтүстігіндегі Абьян провинциясында бір топ қарулы адам БҰҰ гуманитарлық мекемелерінің бірінің бес қызметкерін ұрлап әкетті. Олармен бірге еріп жүрген әскери полиция қызметкерлерін де белгісіз бағытқа алып кеткен. 

Бұл туралы korrespondent.net Yemen News-ке сілтеме жасап хабарлады.

Халықаралық ұйым қызметкерлері шенеуніктердің 11 ақпанда кешке қарай ұрланғанын мәлімдеді. Ұрланғандардың арасында төрт йемендік пен бір шетелдік бар.

Сонымен бірге жергілікті БАҚ «Әл-Қаиданың Йемендегі бөлімшесінің мүшелері» деп есептелетін белгісіз қарулы адамдардың Абьян провинциясының шығысындағы Мудиа аймағында БҰҰ көлігін басып алғанын хабарлады.

Әзірге адам ұрлығы үшін ешкім жауапкершілікті өз мойнына алмады.

БҰҰ өкілдері Абьяндағы гуманитарлық жағдайды зерттеу үшін Йеменде жұмыс сапарымен болғаны белгілі.

Өзгелердің жаңалығы