Польшада әйел бірден алты баланы дүниеге әкелді

21 Мамыр 2019, 14:35
3185
Бөлісу:
Польшада әйел бірден алты баланы дүниеге әкелді

Алматы, BAQ.KZ. Польшаның Краков қаласының тұрғыны бірден төрт қыз бен екі ұл босанды. Бұл туралы Associated Press хабарлады. 

29 жастағы әйел жергілікті университетте босанған, оған кесерева тілігі жасалған. Жаңа туған нәрестелердің салмағы 890 граммнан 1,3 келі аралығында. 

Агенттіктің мәліметінше, бір мезетте алты сәбидің өмірге келу жағдайы  Польша тарихында бірінші рет болған. Оның үстіне мұндай жағдай әлемде сирек кездесетін көрінеді. Статистика бойынша бес миллиярд адамның ішінен бір рет қана алты ем дүниеге келеді екен.

Польша президенті Анджей Дуда сәбилердің ата-анасын құттықтаған. Сонымен қатар ол әйелді босандырып алған медицина қызметкерлеріне де жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдірген.

 Бұған дейін отбасының екі жасар ұлы ғана болған екен.
Өзгелердің жаңалығы