Ыдырысов: «Қарағанды-Балқаш» жолының құрылысы министрліктің айрықша бақылауында

22 Шілде 2022, 13:02
1851
Бөлісу:
Ыдырысов: «Қарағанды-Балқаш» жолының құрылысы министрліктің айрықша бақылауында
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов республикалық маңызы бар жолдардың құрылыс барысын тексеруді жалғастыруда. Вице-министр Қарағанды өңіріне барып, құрылысы қайта жанданған «Қарағанды-Балқаш» күре жолының құрылысын тексерді.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі  хабарлады.

 Аталмыш тас жолдың жалпы ұзындығы 363 шақырым, 8 учаскеден тұрады. Құрылыс жұмыстары толық көлемде жүргілізуде.

Қарағанды-Балқаш» тас жолы республикалық маңызы бар екі үлкен қаланың ортасында орналасқан, яғни елордамыз бен Алматы өңірін біріктіреді. Бұл жолда автокөліктердің жүру қарқыны жоғары, тәулігіне 9 мыңға жуық көлік жүріп өтеді. Аталған трассаның құрылысы министрліктің айрықша назарында. Жол-құрылыс маусымы басталғаннан бері барлық 8 учаскеде жұмыстар қайта жанданды. Сонымен қатар, құрылыс консорциумының құрамы қайта қаралды. Бас мердігерге қойылған талап – осы күре жолдың жартысынан көп бөлігінде қозғалысты қамтамасыз ету. Жұмыс қарқынын арттыру үшін қосалқы мердігерлерді жұмылдыруды тапсырдым. Жол-құрылыс маусымының соңына дейін министрлік республикалық трассалар құрылысы барысын инспекциялауды жалғастырады, - деп атап өтті вице-министр.

Ыдырысов: «Қарағанды-Балқаш» жолының құрылысы министрліктің айрықша бақылауында

Айналма жолдардың санын азайтуға ерекше назар аударылып отыр.

Бүгінгі таңда 45 шақырым жол төсемінің төменгі қабатына төселді. Учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін барлық қажет ресурстар бар. Мәселен, құрылыс жұмыстарына 700 жол қызметкері мен 362 арнайы бірлік техника жұмылдырылды. Сондай - ақ, мердігер ұйымдар бес асфальт-бетон зауытын, 10-ға жуық топырақ және бетон араластырғыш қондырғыларды іске қосты, - деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Сырым Хамзин.

 

Ыдырысов: «Қарағанды-Балқаш» жолының құрылысы министрліктің айрықша бақылауында

Қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін трасса төрт жолақты болып,І техникалық санатқа сәйкес келмек. Шарттың талаптарына сәйкес құрылысты аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына көзделген.

Өзгелердің жаңалығы