Ясмин Дюсембаева – Испаниядағы турнирдің жеңімпазы

17 Қазан 2023, 02:42
490
Бөлісу:
Ясмин Дюсембаева – Испаниядағы турнирдің жеңімпазы
Фото: ktf.kz

Қазақстандық Ясмин Дүйсембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ясмин финалда Болгария өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Ұлдар арасында тағы бір қазақстандық Ахмади Маханов финалға дейін жетіп, корт иесі Томас Мартинге жол берді – 1:6, 1:6.

Ахмади есесіне жұптық сында Балқан Нұрдәулетпен бірге соңғы бәсекеде словакиялық Леонард Нипц – украиналық Егор Романютты 6:1, 6:2 есебімен ұтып, жеңімпаздар қатарына қосылды. Әдемі Әлсейпулова нидерландтық Пиппа Фенниспен бірге финалда испаниялықтар Пелас – Бельтранға есе жіберді – 3:6, 4:6.

Өзгелердің жаңалығы