Қазақстандық талант әлемнің үздік 50 футболшысының тізіміне енді. Бұл туралы Goal жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандық Дастан Сәтпаев "Қайрат" футбол клубының шабуылшысы.
Көптеген футбол жанкүйері үшін Қазақстанның ең үздік ойыншыларын тізіп шығу оңай шаруа емес. Алайда Дастан Сәтпаев бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің өз елінен шыққан кем дегенде бір аңыз ойыншыны тануы үшін бар күшін салып жүр. «Қайрат» сапында нағыз сенсацияға айналған 17 жасар талант үшін лондондық «Челси» қазірдің өзінде 4 млн еуро (3,5 млн фунт / 4,7 млн доллар) төлеуге келісіп қойды. Ол осы жазда «Стэмфорд Бриджге» аттанады, - деп жазған басылым.
Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың тізімінде Сәтпаевтан тек Ансу Фати мен Ламин Ямаль ғана алда тұр.
Дастан өзінің еурокубоктағы алғашқы голын өткен желтоқсанда соққан болатын. Сонымен қатар, ол - Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы ең жас дебютант әрі ең жас гол авторы.
Дене бітімі мен гол соғу шеберлігіне байланысты оны жиі Серхио Агуэромен салыстырады. 2025 жылғы маусымда Сәтпаев 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Ендігі кезекте оның «BlueCo» (Челси) сапына қосылғаннан кейін жаңа деңгейде өзін қалай көрсететіні үлкен қызығушылық тудырып отыр, - делінген жазбада.
Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтпаев екінші мәрте УЕФА рекордсмендері қатарына енді.
Сондай-ақ, ол әлемнің ең талантты футболшыларының қатарынан көрінді.