Ядролық тежеу: Франция алғаш рет Германиямен ынтымақтастық орнатпақ

Макронның айтуынша, "ядролық тежеу рөлін жаңа форматта қалыптастыру аса маңызды".

 Sarah Meyssonnier / Reuters Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
714
Фото: Sarah Meyssonnier / Reuters

Франция тарихта алғаш рет Германиямен ядролық тежеу мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Макронның айтуынша, «ядролық тежеу рөлін жаңа форматта қалыптастыру аса маңызды». Осыған байланысты Париж стратегиялық диалогты, соның ішінде Германия канцлері Фридрих Мерц және бірқатар еуропалық көшбасшылармен бірге бастады. Мақсат – Конституциямен бекітілген ұлттық доктринаны нақты ынтымақтастықпен, бірлескен оқу-жаттығулармен және ортақ қауіпсіздік мүдделерімен ұштастыру.

«Франция мұны тарихта алғаш рет Германиямен жүзеге асырып отыр. Диалогтың өзі маңызды, бірақ одан да маңыздысы – ядролық тежеуді қорғаныс пен қауіпсіздікке ортақ көзқарас аясында қарастыру», – деді Макрон.

2020 жылы Франция президенті елдің ядролық арсеналында 300-ден аз оқтұмсық бар екенін айтқан. 2025 жылдың наурызында ол одақтастармен Еуропа елдерін Францияның ядролық тежеу күштерінің қорғауына алу мүмкіндігін талқылауға уәде берген еді. Германия, Дания, Литва және Польша бұл бастаманы қарастыруға дайын екенін білдірген.

Наверх