Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

11 Қараша 2019, 16:45
3996
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 12-14 қараша күндеріне арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Қазақстанда орныққан суық және күшті антициклон ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашын алып келді. Бірақ оның ауа райына әсері тек алдағы тәуліктерде ғана сақталады. Оның артынан Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыған циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардан, жауын-шашын, көктайғақ, тұман және температураның көтерілуі болжанып отыр. Бірақ бұл ұзақ болмайды. Скандинавианың солтүстігінен, Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарына кезекті суық антициклонның енуі болжануда, - делінген хабарламада.

12 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы