Xiaomi ауа арқылы қуаттау станциясын құрды

30 Қаңтар 2021, 12:47
1183
Бөлісу:
Xiaomi ауа арқылы қуаттау станциясын құрды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Mi Air Charge технологиясы ток сымдары мен қуаттау тіректерін ұмыттыруға мүмкіндік беретін әдіс ойлап тапты. Станция бір уақытта бірнеше гаджетті қуаттай алады.

Қытайлық Xiaomi компаниясы гаджеттерді ауа арқылы қуаттауға қауқарлы Mi Air Charge станциясын ұсынды. Бұл станция туралы ақпарат 29 қаңтарда «Мi» блогында пайда болды, деп жазады korrespondent.net.

Қуаттау станциясы – бұл миллиметр толқынында сәуле шығаратын және бір уақытта бірнеше гаджетті қуаттай алатын арнайы қорап. Яғни, толқындар электр энергиясына айналады да құрылғыны қуаттайды.

Mi Air Charge-де көптеген қабылдағыштар мен таратқыштар бар, бес антенна бөлмедегі құрылғының орнын анықтайды, ал 144 антенна толқын таратады.

Зарядтау мұнарасы энергияны бірнеше метр қашықтыққа жеткізе алады. Қуат көзі әр гаджетке 5 Ватт. Қолданыстағы смартфондар мен басқа гаджеттер Mi Air Charge технологиясын әлі қабылдай алмайды. Үйлесімді құрылғыда радиомаяк және қабылдау құрылғысы болуы тиіс.

Mi Air Charge зарядтау станциясы мен үйлесімді құрылғылардың нақты шығу мерзімі белгісіз.
Өзгелердің жаңалығы