WTA теннисшілер рейтингін жаңартты

6 Наурыз 2023, 15:04
734
Бөлісу:
WTA теннисшілер рейтингін жаңартты

WTA жекелей және жұптық сындарда бақ сынайтын теннисшілердің рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан үздігі Елена Рыбакина әлемнің топ-10 тізіміндегі орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева екі сатыға төмен жылжып, 42-орынға тұрақтады. Жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина бір сатыға жоғарылып, әлемнің 25-ракеткасы атанды.

Жекелей сын рейтингісінде Ига Швентек көш басын бермей тұр. Белорусиялық Арина Соболенко екінші орында, ал америкалық Джессика Пегула үшінші орында келеді.

Өзгелердің жаңалығы