WTA-125: Жібек Құламбаева жекелей сында жеңіліп қалды

5 Қыркүйек 2023, 07:24
232
Бөлісу:
WTA-125: Жібек Құламбаева жекелей сында жеңіліп қалды
Фото: ktf.kz

Италияның Бари қаласында WTA-125 санатында теннистен ірі турнир өтіп жатыр. Отандасымыз Жібек Құламбаева жарыстың бірінші айналымындағы ойындарын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирдің екінші айналымына жолдама беретін соңғы матчта Қазақстан теннисшісі ресейлік Полина Кудерметовадан 1:6, 5:7 есебімен ұтылып қалды. Бұрын қос спортшы бір-бірімен кездеспегенін баса айта кетелік.

Ойын 1 сағат 20 минутқа созылды.

Енді отандасымыз француз теннисшісі Кароль Моннемен бірге осы жарыста жұптық сында ойынын жалғастыратын болады.

Өзгелердің жаңалығы