World Boxing: Қазақ қызы алтын медальді жеңіп алды

Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҰОК 10 Тамыз 2025 2025, 11:55
10 Тамыз 2025 2025, 11:55
860
Фото: ҰОК

Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан құрамасының өкілдері екі финалда бақ сынап, бір алтын медальға ие болды.

Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты.

Аяжан Ермек ел қоржынына күміс медаль салды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Мусканға есе жіберді.

Үшінші орынға Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) ие болды.

Наверх