Еліміздің 5 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

12 Сәуір 2020, 15:43
1493
Бөлісу:
Еліміздің 5 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірдің тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады.

13 сәуірде Ақтөбе облысының солтүстігінде күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында 13 сәуірден күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, оңтүстік- батыстан соққаң желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%, - делінген хабарламада.

13 сәуірде Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%. 

13 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

13 сәуірде күндіз, 14 сәуірде тәулік бойында Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, жел батыстан, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

13 сәуірде Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 13 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 18 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы