Wildberries логистикалық орталықтарына дронмен шабуыл жасалды: Зардап шеккендер бар

Компания басшысы ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

22 Шілде 2026, 15:30
АВТОР
 https://www.facebook.com/zelenskyy.official 22 Шілде 2026, 15:30
22 Шілде 2026, 15:30
243
Фото: https://www.facebook.com/zelenskyy.official

22 шілдеге қараған түні Ресейдің Краснодар және Невинномысск қалаларындағы Wildberries компаниясының логистикалық кешендеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шабуыл туралы не белгілі?

Wildberries компаниясының бас директоры Татьяна Кимнің айтуынша, логистикалық орталықтардың қызметкерлері жедел эвакуацияланып, қазіргі уақытта компания тиісті қызметтермен бірлесіп оқиғаның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Біздің басты басымдығымыз - адамдар. Қызметкерлерді дер кезінде эвакуациялаған командаға алғыс айтамын. Алдын ала мәлімет бойынша, өкінішке қарай, зардап шеккендер бар. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Компания тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Компания басшысы серіктестерді тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Қарапайым адамдарға, біздің қызметкерлерге жасалған шабуылға қатысты сезімді сөзбен жеткізу қиын. Дегенмен мұндай жағдайлар бізге адамдардың игілігі үшін жұмысымызды жалғастырудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, – деді Татьяна Ким.

Ресей билігінің мәліметінше, Краснодардағы шабуылдан үш адам, ал Невинномысск қаласында тағы екі адам жарақат алған.

18 шілдеде де Wildberries-тің Электросталь және Котовск қалаларындағы логистикалық кешендеріне дрондармен шабуыл жасалған болатын. Ресми мәлімет бойынша, сол кезде сегіз адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

 

Наверх