WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды

6 Желтоқсан 2023, 09:21
451
Бөлісу:
WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды
Фото: WABetaInfo

WhatsApp мессенджерінд енді фотосуреттер мен бейнелерді түпнұсқа сапада жіберу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ WABetaInfo порталына сілтеме жасап.

Мамандар iOS құрылғыларына арналған WhatsApp 23.24.73 нұсқасынан жаңа мүмкіндік пайда болғанын жеткізді. Енді мессенджер пайдаланушылары материалдардың сапасын жоғалтпай жібере алады. Мұны істеу үшін чатқа кіріп, "Бөлісу" түймесін басу керек. Кейін "Құжатты" таңдап, содан кейін "Фотосуретті немесе бейнені таңдау" тармағын басу қажет.

Жаңа мүмкіндік iOS құрылғыларының иелеріне алдағы апталарда қолжетімді болады. Ал Android пайдаланатындар үшін бұл функцияның қашан жұмыс істейтіні әлі белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы