WhatsApp бір күнде қоңырау бойынша рекорд орнатты

2 Қаңтар 2021, 09:25
2264
Бөлісу:
WhatsApp бір күнде қоңырау бойынша рекорд орнатты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінің әлем бойынша қолданушылары Жаңа жыл қарсаңында 1,4 миллиардтан астам дауыстық және бейне қоңыраулар жасап, бір күнде ең көп қоңырау шалу бойынша рекорд орнатты.

 

Бұл туралы жұма күні мессенджерге иелік ететін Facebook жариялаған баспасөз хабарламасында айтылады. 

Жаңа жыл қарсаңында әлемде 1,4 миллиардтан астам дауыстық және бейне қоңыраулар жасалды, бұл WhatsApp-тағы бір күндегі ең жоғары көрсеткіш. Былтырғы күнмен салыстырғанда қоңыраулар саны 50% -дан астамға өсті, - делінген хабарламада.  

ТАСС-тың хабарлауынша, компания сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында Facebook және Instagram желілері арқылы 55 миллионнан астам тікелей трансляция жасалған.

Өзгелердің жаңалығы