Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

<div> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. </div> <br>

 11 Мамыр 2020 2020, 15:31
11 Мамыр 2020 2020, 15:31
1447

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын екі барикалық түзінді анықтайтын болады. Егер еліміздің шығыс бөлігінде жоғары қысым аясының және Өзбекстан аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылу ықпалымен бұрынғыдай жылы және құрғақ ауа райы сақталса, онда батыс және оңтүстік өңірлерге жоғары циклон әсер ететін болады, онымен жаңбыр мен найзағай, желдің күшеюі, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі, - делінген хабарламада.

Наверх