"We absolutely love it": Шетелдік туристерге Қазақстан несімен ұнады

12 Қыркүйек 2024, 12:14
423
Бөлісу:
"We absolutely love it": Шетелдік туристерге Қазақстан несімен ұнады
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов

Елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Оны көруге келген туристер қарасы аз емес. Этноауылға көшпенділер мәдениетімен және қазақтың салт-дәстүрімен танысуға келген шетелдік туристер еліміз жайлы не ойлайды екен? BAQ.KZ тілшісі сұрап көрді.

"Қазанат" ипподромының жанында орналасқан "Көшпенділер әлемі" этноауылына келушілер саны күн сайын рекорд орнатып жатыр. Ол жерде елорда тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының бай мұрасымен, көшпелі халықтардың өзіндік мәдениетімен таныса алады.

Этноауылдың атмосферасы мен көшпенділер ойындарының жұмысы туралы  шетелдік туристер ойларын айтты.

"We absolutely love it": Шетелдік туристерге Қазақстан несімен ұнады

Фото: Автордан 

Этноауыл бірнеше орынға бөлінген: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этникалық қоныстары, қолөнершілері және Шығыс базары бар арнайы қала.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы