WBO Әлімханұлы-Мунгия жекпе-жегін ресми түрде бекітті

21 Қараша 2022, 12:09
3534
Бөлісу:
WBO Әлімханұлы-Мунгия жекпе-жегін ресми түрде бекітті

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы чемпион қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық нокаутшы Хайме Мунгия жекпе-жегін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

WBO чемпиондық комитеті тараптарға жоғарыда аталған Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөздерді бастауға нұсқау беретінін хабарлаймыз. Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі», - делінген ұйымның боксшылардың өкілдеріне жолдаған хатында.

Егер тараптар 5 желтоқсанға дейін келіспесе, аукцион белгіленеді. WBO рұқсатымен орта салмақтағы титулдық жекпе-жекке ең аз қабылданған бәс 200 000 доллар болады.

Еске салайық, Әлімханұлы Мунгиямен жекпе-жек өтетініне сенімді емес, мексикалық Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын. Мунгия көптен бері бірінші нөмірлі үміткер болды, бірақ ол енді міндетті үміткер ретінде бекітілді, яғни мексикалық не титулға келесі үміткер болады немесе басқа боксшыға жол береді.

Өзгелердің жаңалығы