WBC рейтингісі: Әлімханұлы чемпиондық атаққа жақындай түсті

9 Ақпан 2021, 19:10
1159
Бөлісу:
WBC рейтингісі: Әлімханұлы чемпиондық атаққа жақындай түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингісі жаңартылды, деп жазды Prosports.kz.

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев рейтингке енді. Қазіргі ол 37-орында тұр. Бұл салмақта WBC чемпионы - конголық Илунгу Макабу.

Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы (WBC ABCO белбеуінің иегері) 12-орында. Тағы бір отандасымыз Әли Ахмедов 23-орынға төмендеді. Бұл салмақтағы чемпион - мексикалық Сауль Альварес.

Орта салмақтың ТОП-15 тізіміне екі қазақстандық енген. Олар: Жәнібек Әлімханұлы (6-орында), Мейірім Нұрсұлтанов (15-орын). Бұл салмақта «Канелода» франчайзинг белбеуі болса, америкалық Джермалл Чарлода қарапайым чемпион атағы бар.

Бірінші орта салмақта WBC Francophone белбеуінің иегері Садриддин Ахмедов 17-орынға көтерілді. Осы салмақтағы тағы бір жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет (WBC International белбеуінің иегері) 27-орында тұр. Бұл салмақтың чемпионы - америкалық Джермелл Чарло.

Жартылай орта салмақтағы үздіктер тізімінде жалғыз қазақстандық бар. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 23-орында тұр. Бұл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі америкалық кіші Эррол Спенске тиесілі.

Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте Батыр Жүкембаев (8-орын) алғашқы ондыққа енді. Бұл салмақтағы титулдың иегері - америкалық Хосе Рамирес.

Жас боксшы Сұлтан Зәуірбек (WBC Youth белбеуінің иегері) екінші жартылай жеңіл салмақта 37-орынға жайғасқан. Бұл салмақтағы WBC титулы мексикалық Мигель Берчельтке тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы