WBA және WBO Олимпиадаға қатысқысы келетін кәсіпқой боксшыларды қолдайды

5 Қаңтар 2020, 18:48
5228
Бөлісу:
WBA және WBO Олимпиадаға қатысқысы келетін кәсіпқой боксшыларды қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) мен Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) 2020 жылы Токиода (Жапония) өтетін Олимпиадада ойындарына қатыстуды армандайтын кәсіпқой боксшыларды қолдайтынын мәлімдеді.

WBA ұйымы Мексика елінің кәсіби боксшыларын қолдауды көздейді. Себебі осы елде орналасқан Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) кәсіпқой және әуесқой спортшылардың бір рингте жұдырықтасуына үзілді-кесілді қарсы. WBA позициясын WBO ұйымы да қолдап отыр, деп жазды vesti.kz.
Бокс спорты саласында жұмыс істеуді алғашқылардың бірі болып бастаған WBA ұйымы атынан 2020 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу жарыстарына қатысқысы келетін Мексиканың кәсіпқой боксшыларына қолдау білдіремін, - дейді WBA президенті Хильберто Мендоса.
Айта кетейік, бұған дейін WBC президенті Маурисио Сулейман егер боксшылар Олипиада ойындарының іріктеу жарыстарына қатысатын болса, онда WBC рейтингісінен екі жылға алып тастайтын ескерткен еді. Сулейманның айтуынша, боксты әуесқой және кәсіби деп бөлу, бірінші кезекте, спортшыларыдың қауіпсіздігі үшін қажет.

Мендосаның пікірі өзгеше. Оның сөзінше, WBA ұйымы Токиода өтетін ойындарға немесе іріктеу турнирлеріне қатысатын барлық кәсіпқой боксшыларды қолдайды.
Өзгелердің жаңалығы