Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Волонтерларға арналған "Біргеміз" республикалық фронт-офис – 17 аймақтық волонтерлерді қолдау орталығынан тұрады. Оның аясында 85 өңірлік үйлестіруші қызмет етеді.
"Ұлттық волонтерлық жүйе" ЗТБ төрағасы Вера Кимнің айтуынша, фронт-офис волонтерлық бастамаларды біріктіретін бірыңғай орталық болады.
Жыл бойы бүгін анықталған бағыттар бойынша жұмыс істеп, шеберлік сыныптары мен дәріс өткізу мүмкіндігі бар. Өңірлер де бізбен тек байланыс орнатып қана қоймай, Qazvolontuer.kz сайты арқылы жасаған жұмыстарын реттей алады. Осылай волонтерлардың қатары артады деп ойлаймын. Себебі, сайт ашылғалы бері тіркелгендердің саны 16 мың адам болды. Көмекке керек ететін ұйымдар да жұмыстарын жақсартады деп сенемін, - деді Вера Ким.Айта кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордада волонтерларға арналған "Біргеміз" фронт-офис ашылды.
Оның қызметіне мыналар кіреді:
1) Республика бойынша волонтерлық жобаларды үйлестіру және қоғамдық мониторингілеу:
- орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жобаларын;
- корпоративтік волонтерлықты дамыту жөніндегі бизнес-құрылымдар жобаларын;
- волонтерлық ұйымдардың жобалары мен бастамаларын.
Жобаларды үйлестіру жастар ресурстық орталықтарының мамандары, азаматтық орталықтар мен ҮЕҰ өкілдері қатарынан өңірлік үйлестірушілер арқылы құрылады.
Жобалардың қоғамдық мониторингін қоғам өкілдері, танымал журналистер мен блогерлер құралған мониторингтік топ жүзеге асырады.
2) Волонтерлық мәселелері бойынша халыққа кеңес беру үшін бірыңғай Call-орталығының жұмысын ұйымдастыру. Бүкіл республика бойынша жұмыс жасау үшін Call-орталығының тегін бірыңғай нөмірі болады.
3) Оқыту блогы: оқыту бағдарламаларын әзірлеу, өңірлік жаттықтырушыларды (TOT) дайындау, оқыту семинарларын өткізу.
4) Волонтерлықты танымал ету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты ұйымдастыру:
Ол үшін кеңсе төмендегілермен айналысады:
- аймақтарда волонтерларды қолдау орталықтары арқылы, оның ішінде арнайы құрылған аккаунттар мен qazvolunteer.kz сайты арқылы тарату үшін бірыңғай имидждік және ақпараттық материалдарды әзірлеу;
- БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тұрақты тарату үшін барлық аймақтардағы еріктілердің, ұйымдардың (жеке азаматтардың, ҮЕҰ, бизнесмендердің, ұйымдардың) оң істері туралы үздік тәжірибелерді жинау.
Жұмыс бірыңғай вертикаль принципі бойынша ұйымдастырылатын болады: "Республикалық фронт-офис – 17 аймақтық волонтерлерді қолдау орталығы – 85 өңірлік үйлестіруші". Бір орталықтан бірыңғай тәсіл мен модерациялау қамтамасыз етіледі. Бірыңғай басқару кестесі мен орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл моделі.
Бұл жобаларды іске асыруға қоғамдық, волонтерлық ұйымдар мен мемлекеттік органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді, жобалардың түпкі нәтижесі мен сапасы үшін ортақтастық пен жауапкершілік сезімін арттырады.