Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Орта Азия чемпионатын жеңіспен бастады

18 Тамыз 2021, 13:18
791
Бөлісу:
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Орта Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Волейболдан Қазақстан құрамасы әйелдер арасында Орта Азия чемпионатына қатысып жатыр. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

17 тамыз басталған құрлықтық додаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан құрамалары қатысуда. Топтық кезеңде командалар өзара бақ сынап, жартылай финалға жолдама алатын жұпты анықтайды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталмыш додада алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қырғызстан құрамасымен кездескен отандастарымыз алғашқы ойында 3:0 есебімен сәтті бастады.

Өзгелердің жаңалығы