Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Волейболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өтпейтін болды

2 Наурыз 2022, 13:22
2125
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) Ресейді 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Волейболдан әлем чемпионаты биылғы жылдың 26 тамызы мен 11 қырүйегі аралығында Ресейдің он қаласында өтуі тиіс еді. 

Алайда, Украинадағы соғысқа байланысты әлемдік федерация Ресейдегі доп додасын өткізбейтін болды. 

Қазіргі таңда әлем чемпионатын қабылдайтын өзге мемлекет қарастырылуда. 

Өзгелердің жаңалығы