Вокзалдарда 700-ден астам карантин бұзушы анықталды

10 Қараша 2021, 15:18
809
Бөлісу:
Вокзалдарда 700-ден астам карантин бұзушы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вокзалдарда «Ashyq» бағдарламасы енгізілгеннен бері 500-ден астам «қызыл» және 239 «сары» мәртебесі бар адам анықталды.

Бәрінен де оқшалануды елемей, айналасындағы адамдарды қауіп-қатерге тігетіндер қатары Нұр-Сұлтан қаласында көп болып шықты. Елордалық вокзалдар аумағында «сары» және «қызыл» мәртебесі бар 177 азаматқа кіруге рұқсат берілмеген.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вокзалдарға тек «көк» және «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана жіберілетінін еске салады. ПТР талдауы қажет емес. Келушілерде гаджеттер болмаған жағдайда вокзал қызметкерлері ЖСН бойынша статусты тексереді.

Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару сомасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы