Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

21 Ақпан 2024, 22:05
536
Бөлісу:
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Фото: Ақорда

Владимир Путин «Болашақтың ойындары» турнирінің ашылу рәсіміне қатысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Ресей тарапының Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі күшейтуге бейілді екенін растады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Спорт қандай да бір саясаттан тыс болуы керек, сондай-ақ халықтарды жақындастыруға тиіс. Мен мұны бірнеше рет айттым, тағы да қайталағым келеді. Бүгінгі турнирге жүзден астам елден, нақтырақ айтқанда, әртүрлі континенттің 104 елінен көптеген қатысушы келді. Диджитал-спортқа және нағыз дәстүрлі спортқа қызығушылық танытатын жастары қатысып отыр. Ал екіжақты қатынастарға келер болсақ, байланыстарымыз аса маңызды барлық сала бойынша нәтижелі дамып келеді. Былтыр біздің делегацияның Қазақстанға сапары сәтті болды. Біз алдағы даму бағыттарын айқындадық. Әріптестерім маған қазіргі уақытта энергетика, инвестиция және өңірлердегі жұмыстардың қалай жүріп жатқанын баяндайды. Мұның бәрінде жалпы екі ел, жекелеген аймақтар және тұтас салалар үшін өзара мүдде көзделеді, – деді Ресей Президенті.

Өзгелердің жаңалығы