Владимир Путин індеттің таралуына байланысты оқшаулануға мәжбүр

14 Қыркүйек 2021, 15:35
4425
Бөлісу:
Владимир Путин індеттің таралуына байланысты оқшаулануға мәжбүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин өз ортасында коронавирус инфекциясының таралып кетуіне байланысты оқшаулануға мәжбүр.

Ол Душанбеде өтетін ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммитіне онлайн режимінде қатысатын болды.

Владимир Путин қоршаған ортасында коронавирустың анықталғанына байланысты белгілі бір уақыт аралығында оқшаулану режимін сақтауы керек, - делінген Кремль сайтында.

Бұл жайлы Ресей Президенті Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты.

Владимир Путин карантинде болатынын бір күн бұрын жария еткен. Алайда оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Ресей басшысы мәлімдемесін «бейнелі түрде» айтқан.

Өзгелердің жаңалығы