Вице-премьер зардап шеккен аудандар мен эвакуациялау пункттерін аралады

9 Сәуір 2024, 12:33
378
Бөлісу:
Вице-премьер зардап шеккен аудандар мен эвакуациялау пункттерін аралады

Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров су тасқыны жағдайына байланысты 26 наурыздан бері төтенше жағдай жарияланған Батыс Қазақстан облысында, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыстағы бірнеше өзеннде су деңгейі бірден көтерілді, оның ішінде Орал қаласы арқылы өтетін Жайық, Шаған, Дерқұл өзендері де бар. Бүгінде эвакуациялау орталықтарына 1000-ға жуық адам орналастырылған.

Вице-премьер зардап шеккен аудандар мен эвакуациялау пункттерін аралады

Нұрлан Байбазаров облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге бірнеше ауылды аралап, үйлері су басқан аймақта қалған жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ Орал қаласындағы эвакуациялау пункттеріне орналасқан тұрғындармен де кездесулер өткізілді.

Вице-премьер зардап шеккен аудандар мен эвакуациялау пункттерін аралады

Олар ыстық тамақпен, медициналық көмекпен, бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Өңірде Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты адамдарды эвакуациялаудың екінші кезеңі басталады. Басшылық 30 мың орындық пункттер дайындады.

Өзгелердің жаңалығы