Шәкіртақылармен қатар жұмысқа тұра отырып 200 мыңға теңгеге жуық жалақы алып жүрген студенттер бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов педагогтердің республикалық тамыз конференциясында осылай деп мәлім етті.
Колледж студенттерінің тәжірибе жинақтауға арналған шағын кәсіпорындарды құру іске асырылуда. Колледждерге қамқорлықты жүзеге асыру бойынша 500-ге жуық кәсіпорындармен келісімге қол қойылды. 536 колледжде дуалды оқу форматтары енгізілді. Мұның бәрі балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, нарыққа қажетті мамандықтарды үйренуге бағытталған кешенді жұмыстар, - деді Үкімет басышысының орынбасары.
Тоғжанов бұл кәсіптік оқу мәселесі ерекше назарында екенін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында арнайы тапсырма берген болатын. Өздерің білетіндей, халықтың табысын арттыруға байланысты ауқымды бағдарлама қабылданды. Жоба аясында балаларды мектеп қабырғасынан бастап маман дайындауға ерекше назар аударылды. Сөз жоқ, колледждегі оқуын бітірген балаларды кейін жұмысқа тұрғызу бәріміздің басты міндетіміз. Бірақ нақты өмірдің талабы басқа сұрақтарды да күн тәртібіне шығарып отыр, - деді Тоғжанов.
Премьер орынбасарының айтуынша, оқу-ағарту бағытындағы нақты іске асырылған шаралармен таныстырды.
Мәселен, Ақтөбеде 188 студенттің 166-сы оқу процесі кезінде жұмысқа тұрғызылған. Өткенде Павлодар облысында болдым. Онда дуалдық қарым-қатынастың нақты жүзеге асырылып жатқанын өз көзіммен көріп шықтым. Ол жақта оқып жатқан балалар ірі компаниялармен келісімге келе отырып, олардың тапсырысы бойынша жұмыс істеуде. Студенттер ол жерде оқып жүріп, шәкіртақылармен қатар жұмысқа тұра отырып, 200 мың теңгеге дейін жалақы тауып жүр. Тіпті 200 мың теңгелік жалақы бер жағы ғана 500 мың жалақы тауып жүрген балаларды да көрдім. Ал IT саласында жұмыс істейтін 4 баланың миллионға жуық айлық алатынын айтты, - деді Тоғжанов педагогтердің республикалық тамыз конференциясында.