Вице-министр: Техникалар көктемгі дала жұмыстарына толығымен дайын

24 Сәуір 2020, 17:59
1616
Бөлісу:
Вице-министр: Техникалар көктемгі дала жұмыстарына толығымен дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров онлайн брифинг барысында көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы айтты.

Карантиндік жағдайға қарамастан, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көктемгі дала жұмыстарының мерзімін сақтауда. Егіс науқаны 7 өңірде жүргізілуде. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жаздық егіс алқабының 80%-ға жуығы егілді. Жамбыл облысында 326 мың га (жаздық егіс алқабының 81%), Алматы облысында – 239 мың га (38%), Түркістан – 230 мың га (34%), Қызылорда – 28 мың га (16%). Өзге өңірлерде егіс жұмыстары басталу сатысында – Батыс Қазақстан, Павлодар және Атырау облыстарында егін егуді бастады. Ағымдағы жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша республиканың қалған өңірлерінде егіс алдындағы жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді вице-министр. 

Сонымен қатар, өңірлер арзандатылған жанар-жағармаймен, тұқымдармен қамтамасыз етілгендігін айтып, тыңайтқыштарды жөнелту жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. 

Егіс жұмыстары бұрын болмаған карантин жағдайында өткізіліп жатқанын тағы да атап кету қажет. Азаматтардың жүріп-тұруын шектеуге байланысты блок-посттардан өту қиындақтарына қатысты бізге фермерлерден, салалық ассоциациялардан көптеген шағым келіп түсті. Ауыл шаруашылығы министрлігі бірыңғай шаруалардың жүріп-тұруы алгоритмін әзірледі. Ол мемлекеттік комиссияның 17 сәуірдегі отырысында мақұлданды. Қазіргі таңда бұл алгоритм әкімдіктерге жеткізілді, - деді спикер. 

22 сәуірде ауыл шаруашылығы министрлігінде Ішкі істер министрлігімен бірлескен кеңес өткізілген.

Оған Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар қатысты. Нәтижесінде блок-посттарда қағаз құжаттар да, электрондық рұқсаттар да ескерілуі тиіс деген қорытындыға келді. Бұл ретте ҚР ішкі істер министрлігімен көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы барлық жергілікті полиция құрылымдарына жеткізілді. Сәйкесінше, оларды жүзеге асыруға жұмылдырылған адамдар мен көліктердің жүріп-тұруына кедергілер туғызбау бойынша нұсқаулықтар берілді. Ең бастысы әкімдіктер жергілікті жерлерде дер кезіңде әрекет етулері және шұғыл штабпен байланыс ұстаулары қажет, өйткені оның өкілдері күнде блок-посттарда жұмыс жасауда, - деді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрі еліміздің премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстары блокпосттарының жұмыстарын жеке тексерді. 

Фермерлер кедергісіз өтуде. Әрине, блок-посттарда түсініспеушіліктер болуы мүмкін, олар бойынша біз жедел түрде жұмыс жасайтын боламыз, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы