Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Вице-министр ЛГБТ-ға қатысты заң туралы: Халықаралық міндеттемелерге толық сай

Бүгiн, 12:35
178
Бөлісу:
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Сенатта бірінші оқылымда мақұлданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Конституция мен халықаралық міндеттемелерге сай әзірленген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенат отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, заң нормалары адам құқықтарының іргелі қағидаттарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына және елдің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес әзірленген.

Есепті 2024 жылғы маусымнан, яғни порталға орналастырылған петиция талқылана бастаған сәттен алатын болсақ, жұмыс тобының құрамына осы мәселемен айналысатын барлық үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ өзге де ҮЕҰ енгізілді. Барлық жұмыс барынша ашық әрі транспарентті форматта өтті. Әр кезеңде қатысушылардың пікірлері тыңдалды. Біз түрлі алаңдарда кездесулер өткіздік. Атап айтқанда, маусым айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропадағы кеңсесінде әмбебап мерзімдік шолу есебін қорғау барысында да осы заң нормалары сарапшыларға түсіндірілді, – деп атап өтті вице-министр.

Бұдан бөлек, заң жобасы Әділет министрлігінің жанында Еуропалық одақпен бірлескен жұмыс тобы қатысқан алаңдарда да талқыланған.

Кочетовтің сөзінше, мәселе әртүрлі алаңдарда кеңінен талқыланған. Маусым айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропадағы кеңсесінде әмбебап мерзімдік шолу есебін қорғау кезінде де заң нормалары халықаралық сарапшыларға түсіндірілген. Сонымен қатар Әділет министрлігінің жанында Еуропалық одақпен бірлескен жұмыс тобы аясында да бұл нормалар әріптестермен бірге талқыланған.

Заңның ашық талқылануына деген қажеттілік бар екенін қазірдің өзінде құқық қолдану тәжірибесіне қатысты бірқатар сұрақтар туындауы мүмкін екендігін көріп отырмых. Осыған байланысты барлық талқылау барынша ашық өтетініне кепілдік бергім келеді. Тіпті онлайн-платформалармен, онлайн-кинотеатрлармен осы нормаларды енгізу және оларды қолдану мәселелерін талқылаған жағдайда да, әрбір кезеңде үкіметтік емес ұйымдар мен осы бағытта жұмыс істейтін құқық қорғаушылар қатысатын болады, – деді Евгений Кочетов.

Оның мәлімдеуінше, онлайн-платформалармен және онлайн-кинотеатрлармен заң нормаларын енгізу мен қолдану мәселелері талқыланған жағдайда да, әрбір кезеңге үкіметтік емес ұйымдар мен осы салада жұмыс істейтін құқық қорғаушылар міндетті түрде қатысады.

Өзгелердің жаңалығы