Вице-министр: Екі-үш жылдың ішінде отандық платформаға ауысамыз

15 Сәуір 2022, 10:24
4471
Бөлісу:
Вице-министр: Екі-үш жылдың ішінде отандық платформаға ауысамыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин Сбер платформасына қатысты пікір білдірді.

Қазір саяси жағдайға байланысты өзіміздің басқа да тәжірибелерімізді қарап, өз күшімізбен мемлекеттік органға кіретін «НИТ» инстутитының күшімен іске асырғалы жатырмыз. Яғни, платформа Қазақстанның IT компанияларының күшімен жасалады. Қазіргі таңда техникалық және экономикалық сараптама жасалуда, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте.

Сондай-ақ ол отандық жүйеге қашан көшетімізді айтты.

Отандық платформаға екі-үш жылдың ішінде көшеміз. Осы жылдың соңына дейін бірінші сервистері іске қосыла бастайды, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин.

Өзгелердің жаңалығы