Вирустың таралу-таралмауы әр адамның жауапкершілігіне байланысты – дәрігер

14 Тамыз 2020, 20:44
1382
Бөлісу:
Вирустың таралу-таралмауы әр адамның жауапкершілігіне байланысты – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 13 тамызда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Онда елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.

Осыған орай медицина ғылымдарының кандидаты, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Жұпар Наханова пікір білдірген еді.
17 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі. Шектеу шаралары жеңілдетілген күннің өзінде адам көп шоғырланатын орындарға жапа-тармағай баруға болмайды.  Әр адам барған жерлерінде сақтық шараларын мұқият сақтаған жөн. Маска тағу, арақашықтық сақтау, антисептик қолдану, қонаққа бармау, қонақ шақырмау деген сияқты қарапайым ережелерді әлі де сақтаған абзал. Жөн-жосықсыз жүре беруге де болмайды, - дейді дәрігер.

Дәрігер вирустың таралу-таралмауы әр адамның жауаптылығына байланысты екенін айтады.
Менің дәрігер ретінде баса айтатыным, әркім өзіне асқан жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, вирустың таралу-таралмауы әр адамның жауаптылығына байланысты. Індеттің беті қайтқанымен, әлі толықтай басылған жоқ. Сондықтан, сақтық шараларын мұқият орындау дегенді дұрыс қабылдау қажет, - дейді Жұпар Кәрібекқызы

Өзгелердің жаңалығы