Қарағандыдағы вирус жұқтырғандар жайлы ақпарат

28 Наурыз 2020, 22:16
1736
Бөлісу:
Қарағандыдағы вирус жұқтырғандар жайлы ақпарат

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды қаласында вирус жұқтырғандар тағы 3 адам анықталып, олардың жалпы саны 7 адамға жетті. Сырқаттардың барлығы карантиндік госпиталда болған.

Бүгін 20 сағат 25 минутта Қарағанды облысында тағы 3 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының айтуынша барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

28 наурыз күні Қарағанды қаласында 3 адамның коронавирус індетін шалдыққаны анықталды. Барлық үш сырқат коронавирус инфекциясы анықталған уақытта оқшаулау карантинінде болған. Осылайша, бүгінгі күні Қарағанды қаласында індет жұқтырған 7 адам расталды. Барлық жеті сырқаттың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, сырқаттарды емдеуге қажетті ресурстар жеткілікті. Науқастар сыртқы ортамен байланысқа түспеген.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аймақта 195 адам тәулік бойғы карантинде. Тағы 376 адам үй жағдайындағы оқшауландыруда. Облыс бойынша 540 мелицина маманы тәулік бойы жұмыс істеуде. 
Өзгелердің жаңалығы