Әйгілі видеоблогер тікелей эфир кезінде қаза болды

20 Қыркүйек 2019, 09:46
2811
Бөлісу:
Әйгілі видеоблогер тікелей эфир кезінде қаза болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістандық видеоблогер Даниал Хан және оның достары тікелей эфирде трансляция жүргізіп отырған кезде жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасы Пәкістан астанасы Исламабадта болды.

Lenta.ru хабарлауынша, ол автомагистраль арқылы өте қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Оның жанында 3 досы болған. Қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан көлік жүк тасып бара жатқан фураға соғылып, аударылып кеткен. Көлік жүргізушісі мен 3 жолаушы қатты жарақат алды. Жол апаты болған сәт Ханның тікелей эфиріне түсіп қалған.


Полицияның мәліметінше, көлік жүргізушісі шекті рұқсат етілген жылдамдықты асырып жіберген. Көлікте болған 3 жігіт оқиға орнында тіл тартпай кетті, ал төртіншісі Пәкістан медициналық ғылымдар институтында қаза болды, дәрігерлер қанша тырысқанымен оны аман алып қала алмады. Дәрігерлердің сөзінше, қаза болғандардың жасы 20-22 шамасында болған.

Айта кетейік, Хан TikTok платформасындағы әйгілі видеоблогер болды. Оның 200 мыңға жуық оқырмандары мен көрермендері болған. Туған қаласында оны жұлдыздардың бірі ретінде санайтын.

 

Өзгелердің жаңалығы