ВИЧ-ке қарсы кейбір дәрілер 10-20 есе қымбатқа сатып алынған

8 Сәуір 2021, 13:08
2934
Бөлісу:
ВИЧ-ке қарсы кейбір дәрілер 10-20 есе қымбатқа сатып алынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторының қызметі және оның бюджет қаражатын жұмсау тиімділігі мәселелері бойынша өткен жұмыс кеңесі кезінде Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов айтты.

ВИЧ дертіне шалдыққан пациенттерге қажетті ЮНИСЕФ тарапынан сатып алынатын, халықаралық медициналық ұйымдар тарапынан берілетін кейбір дәрілердің негізсіз 10-20 есе қымбатқа сатып алынуы баса назар аударатын жайт. Әсіресе, кейбір дәрі-дәрмек түрлеріне қатысты процестерде отандық сатып алу жүйесін ұйымдастырған кезде кейбір дәрі-дәрмек түрлеріне қатысты отандық компанияларға бүйрек тарту мәселесі. Шара барысында сөз алған адамдардың айтуынша, олар дәрілерді мүмкіндік бар кезде арзан бағаға сатып алудың орнына өзге де мекемелерді пайдалана отырып, 900 теңгенің дәрісін 20 000 теңгеге, 3300 теңгенің дәрісін 33 000 теңгеге сатып алу процестеріне куә болған. Біздің депутаттық сауал жолдауда көтерілген мәселе де осы, - деді ол.

Ол ендігі мәселе - ресми мемлекеттік ұйымдары мен Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан, «СҚ-Фармация» тарапынан ұстанатын кейбір ішкі сатып алу ережесі дегенді желеу етіп, коммерциялық құпия ретінде ұстауы негізсіз екенін айтады. Депутат осы мәселелерді өзгерту қажет дейді.

Айта кету керек, кеңес барысында дәрі-дәрмектерді сатып алу және оларды денсаулық сақтау ұйымдары арасында бөлу, онкологиялық ауруларды емдеу үшін дәрі-дәрмек сатып алу, «жұлын бұлшықетінің атрофиясы» және «Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы» диагнозы бар пациенттерді, оның ішінде балаларды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, ағзаларды транспланттаудан кейін қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу, өңірлік ЖИТС орталықтары үшін ВИЧ-инфекциясын анықтау үшін АРТ-препараттарды, тест-жүйелерді және СД-4 анықтау үшін реагенттерді сатып алу сияқты өзге де маңызды тақырыптар талқыланды.


Өзгелердің жаңалығы