Вице-министр ұсталды деген ақпарат тарады. Қаншалықты рас?

22 Ақпан 2021, 11:41
2369
Бөлісу:
Вице-министр ұсталды деген ақпарат тарады. Қаншалықты рас?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін БАҚ өкілдері Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат таратты. 

Құқық қорғау органдары шенеунікке қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ тергеудің мән-жайы хабарланбады, - делінген БАҚ таратқан хабарламада.

BAQ.KZ тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласып, анық-қанығын білген еді. 

Ол кісі бүгіннен бастап еңбек демалысына шықты. 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысында болады. Бізде ондай ешқандай ақпарат жоқ, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Әсел Серікбаева.

Айта кетейік, Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы болған, 2020 жылдың мамырында вице-министр қызметіне тағайындалған болатын.
Өзгелердің жаңалығы