Венгрия енді ер мен әйелді ғана мойындайды

14 Сәуір 2025, 23:41
832
Бөлісу:
Венгрия енді ер мен әйелді ғана мойындайды
Фото: depositphotos.com

Венгрия қазір тек екі жынысты – еркек пен әйелді мойындайды: ел парламенті Конституцияға түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Венгриялық Index басылымының хабарлауынша, Венгрия Конституциясына ел парламенті бекіткен түзетулерге сәйкес, "адам не еркек, не әйел" болуы керек.

Өзгерістер негізгі заңның 15-бабына да әсер етеді, ол енді балалардың дене, психикалық және моральдық даму құқығы басқа құқықтардан, соның ішінде жиналыстар құқығынан басымдықта болатынын білдіреді. Бұл түзету билікке демонстрацияларға, соның ішінде ЛГБТ мақтайтын іс-шараларға тыйым салуға мүмкіндік береді.

Тиісті түзетулерді 140 парламентарий қолдағаны көрсетілген. 21 депутат оларға қарсы шықты. Осылайша, конституцияны өзгерту үшін қажетті үштен екі көпшілік дауысқа ие болды. Сонымен қатар, тиісті өзгерістерді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мен оның ФИДЕС партиясы қолдады.

Түзетулерге дауыс беру кезінде оппозицияның көптеген жақтастары Венгрия парламенті ғимаратының алдында наразылық білдірді.

Өзгелердің жаңалығы