ЕО венесуэлалық босқындарға қол ұшын созуға шақырды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақ өкілдері халықаралық қауымдастықты Венесуэладан қашқан босқындарға көмек көрсетуге шақырып отыр, деп хабарлайды 24.kz.</h4>

 30 Қазан 2019 2019, 08:53
30 Қазан 2019 2019, 08:53
1986

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақ өкілдері халықаралық қауымдастықты Венесуэладан қашқан босқындарға көмек көрсетуге шақырып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

ЕО-дан хабарлағандай, халықтың жан-жаққа бас сауғалауына экономикалық және саяси дағдарыс себеп. Оның үстіне АҚШ-тың санкциялары халықтың онсыз да мәз емес жағдайын ушықтырып жіберген.

Жалпы халықаралық ұйымдардың мәлімдеуінше, әлеуметтік және экономикалық түйткілдер кесірінен Венесуэладан 4,5 млн-ға тарта адам өзге елдерге кетіп қалған. Көбі көрші Колумбияны паналауда.

Сарапшылар мұны "Латын Америкасындағы ең ірі көші-қон дағдарысы" деп отыр.





Наверх