Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 300-ден асты

Табиғи апаттан мыңдаған адам жарақат алып, ондаған мың тұрғын баспанасыз қалды.

 pexels.com Бүгiн 2026, 15:39
Бүгiн 2026, 15:39
196
Фото: pexels.com

Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар саны артып келеді. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан 3 342 адам көз жұмған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңартылған мәліметті жексенбі күні Венесуэланың Ақпарат министрлігі жариялады. Ресми дерекке сәйкес, 16 470 адам жарақат алған, ал 17 345 тұрғын баспанасыз қалған.

Тұрғындардың наразылығы күшейген тұста уақытша президент Делси Родригес билік жер сілкінісінен кейін бірден зардап шеккен аймақтарға қауіпсіздік күштерін жібергенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың салдарын жоюмен айналысатын жаңа әскери бөлімше құрылатынын хабарлады.

Бұған дейін қаза тапқандар саны 2 595 адам екені хабарланған болатын. БАҚ мәліметінше, табиғи апаттан келген экономикалық шығын 6,7 млрд доллардан асып кеткен.

Наверх