Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні Венесуэланың Миранда штатында әскери ұшақ құлап, борттағы барлық адам мерт болған. Бұл туралы korrespondent.net жазды.
Ұшақ Венесуэланың Қарулы күштеріне тиесілі болған. Қаза тапқандардың барлығы офицерлер екені белгілі болды. Олардың ішінде – үш капитан, екі майор және екі подполковник бар.Әуе апатының не себепті болғаны белгісіз. Әуе көлігі Орипотодағы ұшақ алаңының жанындағы жерге құлаған.